"Нұрлы жер": Катонқарағайда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды
Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы Абылайхан көшесінің бойында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында өткен жылдың қазан айынан бастап үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын.
Аудан әкімі тұрғын үй нысанының құрылыс барысымен танысып қайтты.
- Халық игілігіне ағымдағы жылдың желтоқсан айында беріледі деп жоспарланып отырған 3 қабатты үйдің құрылысы шекаралық аудандарды дамытудың кешенді бағдарламасына сәйкес жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн, - дейді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.
Оқи отырыңыз