Ақжарда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 6 тұрғын үй салынбақ
Шартты сурет
Биыл Тарбағатай ауданына қарасты бірқатар ауылдарда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы Ақжарда аталған бағдарлама аясында қоспәтерлі 6 тұрғын үй салынбақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін аудан әкімі Дархан Шомпайұлы аудан орталығы Ақжар ауылының «Мектеп» ықшам ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша бой көтеретін қоспәтерлі 6 тұрғын үй құрылысының орнымен танысып, іргетасының алғашқы қазығын қақты.
Сонымен қатар биыл Қарасу, Маңырақ, Тұғыл ауылдарына да «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр.