Ұлан ауданында жыл соңына дейін 40 үй пайдалануға беріледі
Фото: baulo.club
Ұлан ауданында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Биыл аудан бойынша "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында 31 тұрғын үйдің құрылысы басталған.
Айта кету керек, негізгі құрылыс қазір аудан орталығында емес, ауылдық округтерде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Облыс басшылығы ауданымыздың жоғары әлеуетін бағалап, маусым айында бізге қосымша 9 үй салуға квота бөлгенін атап өткім келеді. Осылайша қазір 40 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олардың ішінде: көп балалы аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 11 жеке тұрғын үй (көлемі 91 ш.м.) және 29 тұрғын үй (көлемі 65 және 85 ш. м.). Құрылыс Алмасай, Айыртау, Ұлан, Мамай батыр, Сағыр, Тарғын, Баяш Өтепов ауылдарында жүргізілуде, - дейді аудан әкімі Думан Рахметқалиев.
Аудан әкімінің айтуынша, барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және жұмыс барысы жергілікті әкімдіктің бақылауында болады.