KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Тарбағатай ауданында 18 отбасы баспаналы болды

16.12.2023, 15:30 250 Ләззат Қанатқызы

Тәуелсіздік күні қарсаңында Тарбағатай ауданындағы 18 отбасы баспаналы болды.

15 желтоқсан күні аудан әкімі Дархан Шомпайұлы Ақжар ауылында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында салынған 18 баспананың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жаңа баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға берілді.

- Ауданымызда биыл бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде ақ түйенің қарыны жарылған күн деуге болады. Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымыздағы 27 жанұя баспаналы болып жатыр. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен көмек деп білемін. Көпбалалалы отбасыларға қазір жақсы жағдайлар жасалып жатыр. Бұл кішкентай бүлдіршіндеріміздің жарқын болашағының кепілі, - деді аудан әкімі.

Биыл аталған бағдарлама бойынша Тарбағатай ауданандағы Ақжар, Қарасу, Маңырақ және Тұғыл ауылдарында 27 баспана бой көтерген. Жаңа үйлер заман талабына сай, жылыту пешіне арнайы бөлме, орталықтандырылған ауызсу мен кәріз құдығы, жуынатын бөлек бөлме қарастырылған.

Алдағы жылдары аудан көлемінде тағы 50-ге жуық  жаңа баспаналарды салу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу