KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Тарбағатайда ұлттық киімдер шеруі өтті

18.03.2024, 16:07 157 Ләззат Қанатқызы

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Тарбағатайлықтар да айтулы күнді ерекше атап өтті. Бүгін аудан орталығында тұрғындар, түрлі мекеме қызметкерлері ұлттық киіммен шерулетіп, қазақы болмыс пен дәстүрді жаңғыртты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық колоритке бай ою-өрнекпен әсемделген киімдер мен ұлттық нақыштағы сән-салтанаты жарасқан топ домбырамыен ән шырақ, көше бойлай жүріп өткен.

- Ұлттық киім-қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі. Бабалардан жалғасқан ұлттық киім әр қазақтың бойына әдемі жарасатыны анық. Бүгінгі мереке аясында "Ұлттық киімдер шеруін" өткіздік. Ауданымыздың барлық мекемелер мен ұжым қызметкерлері, әсіресе жасар қауымы бұл шараға белсене атсалысты, - дейді ұйымдастырушылар.

Фото: Тарбағатай ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив