Марқакөлде тасқынның алғашқы толқыны тыныш өтті
сурет редакция архивінен
Су тасқынының екінші кезеңінде таудағы қар еріп, өзен-сулардың деңгейі көтеріледі деген болжам бар. Қазір таудағы қардың қалыңдығы шамамен бір метрдей болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қарғын судың алдын алу мақсатында Марқакөл ауданының маңындағы су қоймасы тексерілді.
Бөгетті тексерген мамандар оны қар суына төтеп бере алады деген қорытынды жасады.
Айта кетейік, бұл өңірде жазықтағы қар еріп бітуге таяды.
Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Мамырдың басында таудағы қар жылдам еріп бастайды. Тасқынның екінші кезеңіне қазір дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Өзендердің, каналдар мен арықтардың арналары кеңейтіліп, Теректі мен Қалжыр өзендеріндегі су деңгейі ұдайы бақылауға алынған.