KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Марқакөл ауданында тасқынның алдын алу қалай жүріп жатыр? (видео)

11.03.2024, 12:29 156 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл қыста қардың қалыңдығы екі метрге дейін жеткен Марқакөл ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл өңірде өзен-сулардың да қоры мол, сондықтан тасқынның алдын алуды жергілікті билік көктем келмей бастап кеткен.

Аудан орталығында және ауылдарда техниканың көмегімен көшелердегі қарды шығару, өзендердің арнасын кеңейтіп, суағарларды тазалау жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бүгінгі таңда көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары уақтылы жүргізіліп жатыр. Көшедегі қарды шығарып, су арналарын тазаладық. Марқакөл ауданы бойынша екі Камаз, К-700, грейдер, шынжыр табанды трактор және басқа да арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр. Қажетті иннертті материалдар дайындалған, шамамен 50 мың текше қар шығарылды. Ауданда бір су қоймасы бар, оған күндіз-түні кезекшілік қойылды. Бүгін жұмысшылар Қарашілік ауылында қарды сыртқа шығарып, суағарларды тазалап жатыр, – деді Марқакөл ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Рүстембек Кемешов.

Көктем келіп, ауа райының жылынуына байланыста облыстың барлық аудан-қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ортақ іске тұрғындар да белсенді атсалысып, қарғын судан болар қауіптің алдын алуда жұдырықтай жұмыла әрекет ету қажеттігін айтады аудан әкімі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу