KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Күршімде өрт қаупі бар кезеңге дайындық қалай?

23.04.2024, 18:44 178 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да өрт қауіпті кезең 8 сәуірде басталып кетті. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамынша, биыл күн райы өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады.

Елімізде жазда орташа температура 19-23 градус болса, онда алдағы жазғы кезеңде 40 градусқа дейін ысуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күршім аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерінің айтуынша, алдағы қауіпті кезеңге жеке құрам толықтай дайын.

- Техника жеткілікті. 3 мотопомпа, 4 өрт сөндіру көлігі мен 3 көмекші техника бар. 2023 жылы жаңа екі техника сатып алынған. Жалпы жеке құрамда 26 адам жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті Күршім аудандық № 30 ӨСБ бастығының міндетін атқарушы Дәурен Рахымғазы.

Қазіргі күні  Құйған ауылдық окургінде құрғақ шөп өрті тіркеліп үлгерген.

ТЖБ қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Демалыс және мереке күндері тәртіп сақшыларымен және орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив