Су айдындарын бақылауда ұстап отыр – ШҚО
Шығыс өңірінде арнайы мамандар су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Егер жағдай кенет ушығатын болса, екі мыңнан астам адам мен мыңға жуық техника сақадай сай. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті осылай деп мәлімдейді.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандары мен Өскемен қаласының маңында қар жоқ. Дегенмен өңір аумағының 67%-ы әлі де қыс көрпесін қымтанып жатыр.
Қар жылдам еритін болса, су деңгейі көтеріліп, тау бөктерінен қарғын су ағылуы мүмкін. Күн райына қатысты жасалған ескерту әлі күшінде. Сондықтан аймақтағы су айдындары тұрақты бақылауға алынған. Қазір құтқарушылар үй-үйді аралап, тұрғындарға қауіпті кезеңдегі тәртіп пен ережені түсіндіруде.
ШҚО ТЖД мәліметінше, қарғын сумен күресуге жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінен 2270 адам жасақталған. Сондай-ақ 732 техника, 61жүзу құралы және 234 мотопомпа дайындалған.