"Кей өңірлерде күн салқындайды": шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері шілде айының соңғы күндері ауа райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputniknews.kz сайты.
"Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, кей жерде нөсер құяды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді – 17-25°С", - деп болжайды синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда 30 шілдеде аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде сынап бағанасы 18-20 градус жылы болса, күндіз 28-30 градусқа дейін ысиды. 31 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз, түнде температура 17-19 градус нөлден жоғары болса, күндіз 30-32 градус аптап ыстық болады. 1 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа райы 18-20 градус жылы, күндіз 32-33 градус аптап ыстық болмақ.
Алматыда сейсенбі күні түнде ауа температурасы 22-24 градус жылы болса, күндіз – 32-34 градус аптап ыстық. 31 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің екпіні – 13 м/с. Түнде ауа температурасы 21-23 градус нөлден жоғары, күндіз 33-35 градусқа дейін ысиды. 1 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде – 21-23 градус жылы, күндіз – 35-37 градус аптап ыстық.
Шымкентте 30 шілдеде түнде 20-22 градус жылы, күндіз – 34-36 градус аптап ыстық. 31 шілде мен 1 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы 21-23 градус жылы, күндіз 36-38 градус аптап ыстық.