KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Көкжыра ауылының жолы жөнделіп жатыр

29.07.2024, 21:11 125 Ләззат Қанатқызы

2024 жыл Шығыс Қазақстанда «Жол жылы» болып жарияланды. Осыған байланысты, өңірде жол жөндеу мәселелеріне, әсіресе атқарылатын жұмыстар сапасына айрықша назар аударылуда.

«Жол жылы» аясында Самар ауданындағы Көкжыра ауылының ұзындығы 2 шақырым болатын кірме жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жұмыстарды "Магистраль Д" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде.

- Көкжыра ауылының жолы жөнделсе ауыл мен аудан орталығы арасындағы байланыс жақсарады. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындар қауіпчсіздігі үшін де тиімі болмақ, - дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив