KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО: Жол жұмыстарының қарқыны қалай?

25.07.2024, 11:21 241 Ләззат Қанатқызы

Шығыс өңірінде биыл Жол жылы жарияланғаны белгілі. Соның аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға 31,5 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстары бойынша 114 жобаны іске асыру жоспарланған.

Барлығы 600 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Облыс жолдарының сапасын бақылауға және күтіп ұстауға 6,5 млрд теңге бөлінді. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы, Осинов асуын айналып өтетін Қалбатау-Майқапшағай, Өскемен-Рахман қайнары жолдарын реконструкциялау жалғасуда, – деп мәлімдеді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманова.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде облыстағы автомобиль жолдарының үлесі жыл қорытындысы бойынша 93 пайызға дейін ұлғайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу