KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Футбол, волейбол, стрит воркаут: Аягөздік жастар үшін жағдай жасалуда

21.05.2021, 17:07 137

Аягөз ауданы бойынша көп функционалды жасанды жабдықталған 49 жасыл және 20 спорт алаңдары бар. Оның басым көпшілігі былтыр, яғни, 2020 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында салынған.

Атап айтқанда, Аягөз қаласында 8 спорттық нысан, "Оңтүстік қалашық", Р. Қошқарбаев, Маметов көшлерінде футбол алаңдары, Шакенов көшесінде, "Ет комбинаты", "Жаңа ауыл", "Геолог" мөлтек аудандарында және "Солтүстік" қалашықта спорт алаңдары салынған.

Сондай-ақ, аталған бағдарлама бойынша 5 ауылдық округке спорттық нысандар салынбақ: Мамырсу, Қорық ауылдарында футбол, волейбол, баскетбол алаңы, Ақши, Айғыз, Сарыарқа ауылдарында стрит воркаут алаңы. Сонымен қатар, Шынқожа ауы-лында футбол алаңын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп, орталық стадионның жүгіру жолдары қайта жаңарды.

- "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы арқылы салынған Ақтоғай кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Аталған нысанда 20-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қазақ күресі, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерінің бөлімдері ашылады деп жос-парлануда, - дейді облыстық әкімдіктегілер. 

Ағымдағы жылы өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына баулу мақсатында
9 нысан салу және 1 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оның ішінде Баршатас ауылдық округінде шағын футбол алаңын жөндеу және қосымша тағы бір алаң орнату жоспарланған.

Сонымен қатар, Бородулиха ауданы Новая Шульба ауылында ауыл жастары асыға күткен шағын футбол алаңы жас футболшыларға есігін айқара ашты. Биыл Бородулиха ауылында Қазақстан көшесін абаттандыру шеңберінде демалыс орынымен қатар балалар спорт алаңын да салу жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив