Абай облысы: Приречный ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Абай облысы, Приречный ауылын түтін басты. Оған себеп — «Агрофирма» ЖШС аумағында күнбағыс қабығының жануы. Қатты түтін елді мекенге жайылып, тұрғындардың тыныс алуына кедергі келтірген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Абай облысы ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта өрт орнына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы шұғыл жетіп, өртті ауыздықтау және халықты қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай толық бақылауға алынған.
Сонымен қатар, ауылдағы ахуалды бақылау үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығы базасында жедел штаб жұмысын бастады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеті жағдайдың ушығуына жол бермей отыр.