KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
502.27 597.15 6.57

"Көп балалы аналар сайысында" өскемендіктер 1-орын иеленді

30.06.2022, 12:43 898

Абай облысында балалар жылы аясында "Көп балалы аналар сайысы" өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сайыста Өскемен қаласының намысын  "Жан Ана" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжамал Бершімбекова бастаған "Томирис – Тұмар" командасы қорғап шықты.

Балаларды музыка мен биге үйретуге аналардың қызығушылығын арттыру, отбасылық және мәдени дәстүрлерді сақтау және арттыру мақсатында өткен байқауда "Томирис" командасының қатысушылары 1-орынды иеленді.

Олар өз қолымен тігілген әдемі костюмдерімен, әртістігімен, өзін көрсете білуімен таң қалдыра білген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу