Өскеменде үздік жаңа жылдық безендіруге байқау жарияланды

Өскемен қаласының әкімдігі үздік жаңа жылдық безендіруге, тұрғындар қарамағындағы нысандарды тақырыпқа сай безендіру, маңдайшаларды жаңарту, жарықтандыру бұйымдарын орнату және тиесілі аумақты абаттандыруға қатысты байқау жариялады.
Байқауға кез келген меншік нысанындағы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар және Өскемен қаласының барлық тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқау 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін келесі номинациялар бойынша өтеді:
үздік тақырыптық дизайн (ұйымдар, кәсіпкерлік нысандар, аула аумақтары);
үздік түнгі жарықтандыру.
Желтоқсан айының соңғы онкүндігінде байқаудың қорытындысы шығарылады.