Өскемен: екі жүзден астам тұрғын кәсіптік оқытумен қамтылады
Биыл екі жүзден астам қала тұрғыны кәсіпорындарда сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мәлімдеді.
– Биыл кәсіптік оқытумен 217 адам қамтылуы тиіс. 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілердің сұрауымен 150-ден астам адам оқуға жіберілді. Тағы 66 адамды жұмыс беруші өз оқытып жатыр, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кәмшат Баубекова.
Оның айтуынша, жұмыссыздарды оқыту үшін кәсіби тәлімгерлер бекітілген.