KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскеменде еркін және грек-рим күресінің жеңімпаздары марапатталды

24.12.2022, 10:00 357 Ләззат Қанатқызы

“OSKEMEN  CUP” ашық командалық турнирінде еркін күрестен Тарбағатай ауданы, грек-рим күресінен Өскемен қаласы жеңіске жетті.

Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған еркін және грек-рим күресінен “OSKEMEN CUP” ашық командалық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша еркін күрестен Тарбағатай ауданы бірінші орынды иеленсе, Өскемен қаласының командасы екінші орынға, ал Ұлан ауданынан келген команда үшінші орынға табан тіреді.

Грек-рим күресінен бірінші орынды Өскемен қаласының командасы, екінші орынды Семей қаласы иеленсе, Үржар ауданының командасы үшінші орынға табан тіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив