Өскемендегі шағын аудандарды қандай өзгеріс күтіп тұр?
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар ағымдағы жылы атқарылатын шағын аудандарды дамыту жоспарларымен бөлісті.
Қаланың шеткері аудандарын дамыту жұмыстары биыл да өз жалғасын табатын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл бағдарламаға 19 шағын ауданы мен маңайындағы тұрғын үйлер кешені кіреді. Атап айтқанда, Көкжал Барақ 7/1 мекенайындағы үйдің ауласына волейбол және баскетбол алаңдары, ал Ілияс Есенберлин 6 үй ауласына балалар ойын алаңқайы орнатылатын болады.
- Бұл қаражаты бөлініп, мақұлданып қойған жобалар. Яғни, міндетті түрде орындалатын болады. 21 және 27 шағын аудандардың жолдарына құны 40 миллион теңге шамасында қиыршық тас төселеді. Халық қажеттілігіне орай, Әл-Фараби даңғылының бойында жабық үлгідегі 4 жаңа аялдама кешені орнатылады, - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, 19 шағын ауданда 600 орындық 2 мектептің құрылысы басталады.
Оқи отырыңыз