Өскеменде жол жөндеу көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған - қала әкімі
Биыл қолданылған асфальттаудың жаңа тәсілі облыс орталығында жол жөндеу көрсеткішкерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берген.
Аталмыш тиімді тәжірибе туралы толығырақ қала әкімі Жақсылық Омар айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Биыл алғаш рет арнайы бағдарламалар есебінен шағын аудандардағы кешенді асфальттау жұмыстарын жүргіздік. Атап айтқанда, Ахмер мен Меновное кенттері “Ауыл - Ел бесігі” бағдарламасы аясында, ал “Шағын аудандарды дамыту” бағдарламасымен 22-ші тұрғын ауданда өзекті мәселелердің біріне айналған - жол жөндеп мәселелері шешілді. Аталмыш тәжірибе арқылы аудандардағы бірнеше көше бірден жөнделгені өте тиімді деп ойлаймын, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Сондай-ақ, шаhар басшысы бірнеше жыл ішінде қалада асфальтты жөндеу жұмыстарының көлемі жоспарлы түрде ұлғайып, жолдардың сапасы ұзақ уақыт сақталуы үшін жабынның жаңа түрлері қолданылғанын атып өтті.
- Шағын көшелер мен шағын аудандарды жөндеуге көбірек көңіл бөліп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар осымен тоқтап қалмайды, міндетті түрде жалғасып табады, - деді ол.
Оқи отырыңыз