Өскемендегі театр маңына салынып жатқан үйлердің бағасы айтылды
Қала әкімі Жақсылық Омар «Нұрлы Жол» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын-үй құрылыс кешенімен және Әл-Фараби даңғылында жақында пайдалануға берілетін үйлермен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- «Нұрлы Жол» шағын ауданындағы бірінші қатардағы үйлер аяқталып, пайдалануға берілген. Екінші қатардағы үйлерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада аяқталып, пайдалануға беріледі. Үшінші қатардағы 5 үйді осы жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - дейді қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы.
Сондай-ақ қала әкімі аталған үшінші қатардағы 5 үйді 2021 жылдың қазан айына дейін аяқтауға тапсырма бергенін, қараша айынан бастап үйлер пайданауға берілу керектігін де атап өтті.
- Үйлердің бағалары олардың көлеміне байланысты қойылатын болады. 1 бөлмелі үйдің бағасы 8 миллион миллион шамасында болады, - деп атап өтті Өскемен қалалық Құрылыс бөлімінің басшысы Айдар Мұхтарбекұлы.
Ал Әл-Фараби даңғылында бой көтерген үйлер алдағы айда өз иесін табатын болады.
- Үйде 180 пәтер бар. Барлығының жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталды. Жылу жүйесі де іске қосылды.Осы 180 пәтерге 450 өтінім келіп түскен. Барлық өтінімдер қарастырылып, 114 пәтер бөлініп қойды,76 пәтерді ақпан айының ортасына дейін тұрғындарға бөлінетін болады, - деп қосып өтті Айдар Мұхтарбекұлы