Эвакуация: Өскемендегі бірнеше мектепке тағы «бомба» қойылды
Бүгін облыс орталығындағы бірнеше мектепке тағы да «бомба қойылғаны» туралы хабарлама келіп түсті.
Қалалық білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, тағы да жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарауына байланысты эвакуация жасалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ПД әзірге болған жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
- Қала мектептерінің электрондық поштасына түрлі IP-мекенжайлардан жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түседі. Білім ордасының міндеті – оқушылар мен қызметкерлерді оқиға орнынан эвакуациялап, жауапты органдарға хабар беру. Ал, іздеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны белгісіз болғандықтан оқушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру әзірге мүмкін емес, - дейді қалалық білім бөлімі.
Оқи отырыңыз