Өскемен: № 11 мектепке тағы «бомба» қойылды
Бүгін облыс орталығындағы № 11 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарап, қызмекерлер мен оқушылар эвакуацияланды.
Қазір білім ордасында тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 13 ақпанда сағат 12:30-да Өскемендегі мектептердің біріне жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарды ала саласымен мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына кетті. Қазіргі уақытта объектіні тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада тағы 20 мектепке, қалалық сот пен білім басқарамысының ғимаратына да жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарап, келушілер, қызметкерлер мен оқушылар эвакуацияланған болатын.
Оқи отырыңыз