Мектепке «бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шықты – Өскемен
![](/kz/uploads/posts/2023-02/bez-nazvanija-19.webp)
Өскемендегі № 11 мектепке тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай қауіпті зат табылған жоқ.
Бүгін сағат 14:30-да Тимирязев көшесінде орналасқан № 11 мектепте жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Тексеру нәтижесінде қауіпті заттар табылған жоқ. Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама). Жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні - № 11 мектепте және Өскемен қалалық сотының ғимаратында, 9 ақпан күні - № 11 мектепте және Қазақстан көшесі, 59/1, 10 ақпан күні – 20 мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Оқи отырыңыз
«Бомба қойылды». Өскеменде жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатырӨскеменде 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарағанӨскемендік оқушы жарылғыш зат туралы жалған ақпарат бергенӨскемен: «Бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шықтыӨскеменнің полицейлері 26 мектептен бомба іздеді