KZ
Өскемен
-38°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Өскеменде жаңа ЖЭО салына ма? Премьер-министр жауап берді

9.03.2023, 12:08 616 Оразай Жеңісұлы

Естеріңізде болса, ақпан айының басында сенатор Ольга Булавкина Өскемендегі экологиялық жағдай тұрғындардың денсаулығына нақты қауіп төндіріп тұрғанын айтып, жаңа жылу электр орталығын салу туралы ұсыныс білдірген еді.

Сенатордың сауалына Премьер-министр Әлихан Смайылов жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазіргі уақытта Өскемен қаласында жаңа ЖЭО салу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Сонымен қатар, энергетика министрлігі «Жаңа қазандық агрегатын салу және тозған турбоагрегатты ауыстыру» жобасын іске асыру бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС-мен инвестициялық келісім жасасты. Құрылыс 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Жобаны іске асыру кезінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту үшін заманауи технологиялар қолданылатын болады», - деді Премьер-Министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу