Өскеменде қар тазалау жұмыстары қарқынды

Желтоқсанның 13-і қар тазалау қызметі шаһардың 10 көшесінде, атап айтқанда Славский жағалауы, Теміржолшылар, Крылов, Аязбаев, Молдағұлова көшелері, Жеңіс, Назарбаев, Есенберлин даңғылы мен Меновное ауылында жүр.
Себебі, көктемде осы аудандарды су басу қаупі бар. Сонымен қатар, облыс әкімінің есептік кездесуінде қала тұрғындарынан көшелерден қарды шығару жөнінде де өтініш көп түскен болатын.
Ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ болуына байланысты қала жолдарына тұз аралас құм да себіліп жатыр.
Ең алдымен ылди, сырғанайтын жолдарға, құламаларға, адам көп жиналатын аялдамалар және балалардың қауіпсіздігі үшін мектептер мен балабақшалар айналасы қардан тазартылып жатыр.