KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

"Қазақстан" тауындағы ту тағы жыртылып кеткен - Өскемен

18.11.2023, 16:30 180 Назерке Каримова

"Таза Өскемен" желдің екпіні басылған соң ту ауыстырылатынын мәлімдеді.

17-ші қарашаға қараған түні желдің күшеюінен "Мемлекеттік рәміздер тауы" сәулет кешенінің ту тұғырындағы Мемлекеттік Тудың кенептері зақымданған.

"Таза Өскемендегілер" ту кенебінің өлшемі үлкен (12 * 24 метр) әрі оның ашық биіктікте орналасуына орай мұндай оқиғалар орын алып тұратынын айтады.

Оқиға түнде орын алғандықтан, қараңғы және екпінді жел кезіндегі қауіпсіздік талаптарын басшылыққа ала отырып, жоғары биіктікте туды ауыстыру жұмыстары қолайлы уақытқа ауыстырылды, - деп мәлімдеді "Таза Өскемен" КМК.

"Таза Өскеменнің" жөндеу бөлімі желдің екпіні өткеннен кейін бірден туды ауыстыруға кіріспек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив