«Үлбі» әлеуметтік орталығының қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді
«Таза Қазақстан» акциясына Өскемен тұрғындары да белсене атсалысып жатыр. Облыс орталығында тазалық жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен.
Бүгін «Үлбі» әлеуметтік орталығының қызметкерлері ғимарат ауласын тазартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– «Үлбі» әлеуметтік орталығы зейнеткерлерге, ерекше қажеттілігі бар балаларға, жүйке жүйесі ауруына шалдыққан науқастарға қызмет көрсетеді. Бүгінде бұл санат бойынша 1046 адам тіркеуде тұр. Сондай-ақ дағдарыс орталығы да ашылған. Онда тұрмыста зорлық-зомбылық көрген, түрлі қиындықтарға тап болған жандар тұрады. Халыққа қызмет көрсетумен қатар экологиялық акцияға қатысып жатырмыз. Бүгін 120-ға жуық қызметкер ғимарат ауласын қоқыстан тазартуда, – деді «Үлбі» әлеуметтік орталығының директоры Сәния Әубәкірова.
Орталық қызметкерлері алдағы демалыс күні қалалық сенбілікке де ұжым болып қатысуды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз