KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Таза Қазақстан: Өскеменде арнайы жоспар әзірленді

Фото: moldir-bulak.kz

12.04.2024, 12:29 236 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуірден бері республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Бір айға созылатын экологиялық науқан барысында өңірлерде сенбілік ұйымдастырылып, көшелерді, аулаларды және өзен жағалауларын тазалау, ағаш егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Осыған орай өңір басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен облыс орталығында арнайы жоспар әзірленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Соңғы үш апта көлемінде коммуналдық қызметтер орталық және шағын көшелерді күні-түні тоқтаусыз тазалап жатыр. Алдымен орталық, содан кейін шеткі аудандар, осылайша бүкіл қала аумағы толықтай тазалық жұмыстарымен қамтылатын болады. Бізге қосылып, «Таза өлке» акциясына атсалысып жүрген адамдарға ерекше алғыс айтамын. Олардың қатарында белсенді студенттер де бар», - деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Қала әкімінің айтуынша, 20 сәуір – «Киелі мекен» күні қаламыздағы ескерткіштер мен мемориалдық кешендер, скверлер ретке келтіріледі.  27 сәуірге дейінгі «Жасыл аймақ» апталығы тал егу, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына арналмақ.

Мамыр айының басында «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында облыс орталығының ерікті жастары жалғыз ілікті қариялар мен ардагерлердің ауласын тазалауды қолға алады.

11 мамыр - «Мөлдір бұлақ»  апталығында Ертіс пен Үлбі өзендерінің жағалауы қоқыстан тазартылады.

«Бұл экологиялық акция ең алдымен өзіміз үшін, сүйікті қаламыз үшін өте қажет», - деген қала әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарын бұл бастамаға бей-жай қарамай, тазалық акциясына бір кісідей атсалысуға шақырды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу