KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Шешек асуындағы шаңғы базасына электр желісі тартылды

шартты сурет

20.02.2023, 10:24 307 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Ол үшін қалада барлық талапқа сай келетін инфрақұрылымның болуы шарт. Соңғы жылдары шаһар басшылығы осы бір мәселеге жіті назар аударып отыр.

Былтыр облыс орталығының бірқатар ауданында жаңа спорт нысандары пайда болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мәселен, Пожарский ауласында хоккей мен футбол алаңы салынды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында ерекше танымал «Сигнал» дүкенінің артындағы футбол алаңы да қалпына келтірілді. Мұнда заманауи воркаут алаңы да пайда болғанын айту керек.

Бұған қоса «Бизнестің жол картасы» аясында Шешек асуы маңындағы тау шаңғысы базасына ұзындығы 2,3 шақырымдық электр желісі тартылды. Бұл жерде қысқы демалыс және спорт түрлерін дамыту көзделіп отыр.

Сөзсіз, былтыр Өскемен қаласының спорттық өмірінде болған ең маңызды оқиғалардың бірі деп Үстел теннисі орталығының ашылуын айтуға болады. Бірегей спорт нысаны барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Нысан ішіндегі екі бірдей кең залға жалпы саны 50-ге жуық теннис үстелі қойылған. Болашақта дәл осы жерде ұйымдастырылатын үстел теннисі жарыстарының ойындарын бір мезетте 400-ге жуық көрермен тамашалай алатын болады.

Сонымен қатар мұнда заманауи тренажерлармен жабдықталған спортшыларға арналған медициналық-оңалту орталығы да орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив