Тағы 5 жерде "SOS"дабыл түймесі орнатылады – Өскемен

Облыс орталығында келесі жылы тағы 5 "SOS"дабыл түймесі орнатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Өскемен қаласындағы Защита ықшам ауданында, Достық үйінің маңында, Виноградов-Грузинская көшелерінің қиылысында, «Заречный» базарының маңында және Қабанбай батыр көшесіндегі «Koton» сауда үйінің жанында дабыл түймелері орнатылған.
- Жыл басынан бері тұрғындар дабыл түймесі арқылы полицияға 10 рет, оның ішінде 6 рет бейнеқоңырау арқылы және 4 рет аудио форматта жүгінген. 2023 жылға облыс орталығында тағы бес "SOS" батырмасын орнатуды жоспарлап отырмыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.