KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, З
503.35 590.63 6.62

Бесқарағайдың Қарағайлы ауылында су құбыры тартылуда

3.10.2020, 22:37 576

Бесқарағай ауданына қарасты Қарағайлы ауылында су құбырының құрылысы жүргіліп жатыр. Аудан әкімі Шалқар Байбеков атқарылған жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- "Жарма Құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымымен тамыз айында "ШҚО Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылындағы су құбыры желілерін қайта құру" жобасы бойынша жұмыстар жалғастырылып, екі ай ішінде олар жағдайды түзете алды, - дейді аудан басшысы.

Бүгінде сорғы станциясы ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны одан әрі іске асыру ауылішілік желілерді жүргізу бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтиды екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу