KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Бесқарағайдың Беген ауылында жол жөнделеді

3.10.2020, 23:00 87

Бесқарағай ауданына қарасты Беген ауылындың кіреберістегі автожолы орташа жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды Ataynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

- Беген ауылының кіреберіс автожолын орташа жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстым. Бүгінгі күні "ГорДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымымен 3 шақырым жол жабынын асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілді, жолды пішіндеу бойынша жұмыстар жалғасуда, - дейді аудан басшысы.

Тексеру барысында бірқатар ескертулер жасалып, Беген ауылдық округінің әкіміне асфальт төсеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алып, жобаны мерзімінде аяқтау тапсырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив