KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Бородулиха ауданында жылыжай салынады

26.09.2020, 05:43 153

Ауданда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар ұсыну арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бородулиха ауданында 36 адам грант алды, оның ішінде он бірі – көп балалы аналар және бесеуі – аз қамтылған отбасылардан. Алушылар бөлінген қаражатты негізінен жеке қосалқы шаруашылыққа жұмсады.

Мысалы, Рамазан мен Гүлнар Тортаевтар Бородулиха ауылында жылыжай салуда.Тортаевтар отбасы құрылысты өз қаражаты есебінен бастады және жұмыс барысында "Бастау Бизнес"бағдарламасы туралы білді. Оқудан өтіп, бизнесті дамытуға 555 мың теңге мемлекеттік грантқа өтінім берді. Бөлінген қаражатқа жылыжайға қажетті жабдықтар сатып алынды. Жылыжай жер астында жасалады - бұл жылыжайдың қысқы нұсқасы (халық арасында "термос"деп аталады). Жерге көмілген жылыжайдың негізгі бөлігі топырақта, ал күн сәулелері мөлдір шатыр арқылы енеді.

Ағаш жақтаудың құрылысы аяқталды, енді ішінен кірпіш төсеп, поликарбонаттан "шатыр" жасап, кіру тобының дизайнын аяқтайды. Осыдан кейін ғана ішкі жұмыстар басталады: сөрелерді орнату, егу. Қыста олар барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр, ал алғашқы өнім жаңа жылға қарай болады деп күтілуде. Алдымен Тортаевтар отбасы көк – аскөк, пияз, ақжелкен өсіруді жоспарлауда. Сұраныс болса, көкөністердің басқа түрлерін, сондай-ақ, жер астында "термос" өсімдіктердің әртүрлі түрлерін, тіпті, экзотикалық өсімдіктерді өсіре алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив