KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Аягөзде көп балалы аналар 505 мың теңге грант алып кәсіппен айналыса бастады

26.12.2019, 05:26 194

Бизнес идеяларды іске асыруға арналған жаңа механизм ақысыз негізінде жыл басынан көп балалы отбасыларға, жастарға, аз қамтылған мүгедек жандарға 200 АЕК-ке (505 000 теңге) мемлекеттік гранттар беру қаралған.

Аталмыш грантты Аягөз ауданынан 175 адам иеленді. Оның ішінде 92 жастар, 15 мүгедек жандар, 11 өзін-өзі қамтығандар, 57 көп балалы аналар алды. Түрлі бизнес бастамалар дүниеге келіп. Тігін цехы, мал өсіру алаңдары, шаштараз сынды бағыттарда кәсіптерін бастағандар көбейді.

Әсемгүл Сеитова, көп балалы ана:

«Өзімнің жеке кәсібімді дамытпақ ниетім бар еді. Бірақ – баламен, төмен жалақыда жұмыс істесем ол әрине мүмкін емес. Сондықтан, мемлекет ұсынып отырған 505 мың теңге грантқа өтінім білдіріп, жобамды ұсындым. Нәтижесі көп күттірмей, аталған сомманы иелендім. Енді азын-аулақ мал сатып алып, үйде отырып-ақ өз кәсібімнен нәсібімді табудамын».

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу