Күршім ауданының тұрғыны облыстық байқауда бас жүлде алды
25 қыркүйекте ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ZOOM платформасы арқылы этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқауға аудандар мен қалалардан қазақ тілін жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос өкілдері онлайн режимінде қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылар алдын-ала ұсынған 3 минуттық қысқа метражды фильм мен «Мен неге бас жүлдеге лайықтымын» тақырыбындағы эссені бағалады.
Екінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдау арқылы, берілген сұрақтарға жауап берді.
Байқаудың қорытындысы бойынша, Күршім ауданы атынан қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Армен Карапетян бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алып отыр.