KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семейде өзін полицеймін деп таныстырып жүрген алаяқ ұсталды

22.09.2020, 05:11 171

Полиция бөліміне алаяқтық туралы арызбен 47 жастағы әйел жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, ол ағымдағы жылдың шілде айында жоғалтып алған "Оппо" моделді ұялы телефоны туралы өзінің Фархат атты танысына айтқан.

Өз кезегінде әлгі танысы өзінің полиция қызметкері екенін жеткізіп, қысқа мерзімде жоғалған ұялы телефонды табуға уәде берген. Бұл қызметін жалған полицей 7 мың теңге бағалаған. Алайда, ақшаны қолға түсірген соң әйелдің телефон қоңырауына жауап бермеген, кездесулерден қашқақтаған.

– Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотталған, жұмыс істемейтін 23 жасар қала тұрғынын ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін толықтай мойындап, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Тергеу кезінде анықталғандай, күдікті ер адам құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ болып шыққан. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу