KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Семейде дүкен иесін 2 миллион теңгеге «отырғызып» кеткен қызметкер ұсталды

14.05.2019, 03:44 143

 

Семейде дүкен иесін 2 миллион теңгеге «отырғызып» кеткен қызметкер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Ұялы телефондар дүкенінің қожайыны Семей қалалық Полиция басқармасына арызданды. Оның айтуынша, дүкенінде әкімші болып істеген қызметкер алаяқтық жолмен оның мүлкін иемденіп, айтарлықтай материалдық шығын келтірген.

 

Ашып айтайық, алаяқ жалған келісім шарт құжатын жасап, ұялы телефондарды «несиеге берген».   

 

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген тәрітп сақшылары, күдікті ретінде 26 жастағы қала тұрғынын ұстады.

 

– Алаяқ жалған несие беру шарттарын жасап, екі миллион теңгенің «Айфон» маркалы жаңа ұялы телефондарын

иемденген, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік, алаяқтың тағы осындай алты қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу