20-дан астам жаңа телефонды бере салған. Тарбағатай тұрғыны Семей тұрғынын алдап кетті
Семей қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам жүгінген. Арызданушы өткен жылдың қазан айында алып-сатар танысына сеніп, 21 дана ұялы телефонды берген. Келтірілген жалпы шығын 769 300 теңгені құрады.
-Жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Одан жауап алу кезінде барлық ұялы телефондарды сатып жібердім деп түсіндірді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз