Мектептегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтылығын айту әлі ерте - министр
Мектептерде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы айтуға ерте. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түсіндірді.
«Мектептердегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы айту әлі ерте. Өйткені, 1 қыркүйектен бері әлі 14 күндік инкубациялық кезең өткен жоқ. Бұл онлайн оқыту мен кезекші топтардағы және 180 адамға жетпейтін шағын мектептердегі жағдайды бағалауға мүмкіндік береді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен бірге, спикер балалар арасында ЖРВИ мен тұмаудың жыл сайын артып келе жатқанын еске салды.
«14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ мен тұмау 70% дейін тіркелді. ЖРВИ және тұмаумен ауырған балалардың иммунитеті әлсіреп, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі артады. Мәселен отбасындағы бір адам тұмаумен ауырса, барлығы ауырып қалуы мүмкін. Коронавирус жұқса, жағдай тіптен қиындайды. Бірінші карантинде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашуымыз сәтсіз тәжірибе болды, онда коронавирус инфекциясы тіркеліп, жабылып жатты. Яғни, біз үшін еліміздегі қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды. Балалар арасында ауруды таратып алмау керек», - деді А. Цой.