KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

14.07.2020, 04:50 133

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асқан.

«Олардың 1700-і – балалар. Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы жыл сайын жұқтырылған респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін», - деді министр Үкімет отырысында.


 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу