ШҚО-да Президенттің тапсырмасы бойынша ауыл мектептері абаттандырылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ШҚО-да 200 ауыл мектебінде оқушылардың білім алуы үшін жағдай жақсартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының нәтижесін ШҚО әкімі Даниал Ахметов тексеріп қайтты.
Жаңа оқу жылындағы эпидемияның қиындықтарына қарамастан Ақжар ауылындағы мектеп штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Онда бастауыш сынып оқушылары білім алуда. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.
«Аталған оқу орнын жөндеу жұмыстарына 260 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде, барлық сынып қайта қалпына келтіріліп, терезелер мен коммуникациялық желілер ауыстырылды. Алғаш рет бұл мектепте жылы тораптар пайда болды», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.