KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Жезөкшелік, жеңгетайлық және адам саудасына тосқауыл. Өскеменде «STOP трафик» шарасы басталады

9.09.2020, 10:54 178

Үстіміздегі жылдың 10-12 қыркүйек аралығында Өскемен-1 Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізбек.

Осылайша адам саудасының жолын кесіп, осы бағыттағы қылмыстарды жедел анықтауды мақсат еткен шараға орай полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құрылымдары жұмылдырылады.

Шара аясында жаңа туған нәрестелерді сату, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу мен  адамдарды тасымалдау, беру, жасыру фактілерін анықтау бағытында шаралар атқарылады. 

Сондай-ақ, шара кезеңінде ойын-сауық орындарында, сауналарда, қонақ үйлерде, жалға берілетін пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда және құрылыс нысандарында рейд жұмыстары жүргізіледі.

- Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырудың және ұстаудың жолын кесу мақсатында теміржол вокзал және әуежай маңындағы аумақтарда, тиісті интернет-сайттарды, жарнамалық хабарламаларды пысықтай отырып, жыныстық қызметтерді ұсынумен айналысатын адамдардың жиналатын орындар тексеріледі. Жезөкшелікпен айналысатын адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі және олардың ішінде адам саудасының құрбандарын анықтау жұмыстары жүргізіледі, осы қылмысты жасауға қатысты адамдарды анықталған жағдайда Заңда белгіленген жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Өскемен-1 Желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу