KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Жолдауға қолдау. «Қайтадан құрылатын министрлік соның барлығын ретке келтіреді деп сенім білдіремін»

4.09.2020, 10:56 126

Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауда елімізде Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды ұсынды.

Оған арқау болған әлемдік пандемия деп ойлаймын. Себебі ел тарихында алғаш рет Республика аумағында төтенше жағдай жарияланды. Бұл әрбір өңірге, әрбір тұрғынға үлкен соққы болды. Еліміз ойламаған қиындықтарға тап болды. Бірақ оңтайлы шешімнің арқасында жағдай тұрақталды. Президент пандемиямен күрес 2 жылға созылатынын қадап айтты. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді шаралар әзірленіп, Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетін болды.

Демек жаңадан құрылатын министрлікке үлкен жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз. Одан өзге елімізде көктемдегі су тасқыны, жаздағы тілсіз жау сонымен қатар табиғаттың тосын мінезінен туындайтын әсерлер бар.

Жауапты сала өкілдерінің бұл табиғи және техногенді апаттарға дайын болмай жатқанын көріп жатамыз. Қайтадан құрылатын министрлік соның барлығын ретке келтіреді деп сенім білдіремін.

 
Думан Кенжеғазыұлы Кенжеғазин
«Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы

 
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу