KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 10 м/с, СБ
514.94 583.74 6.13

Төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін созылатын болды

10.04.2020, 09:21 200

Төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін созылатын болды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның мүшесі мәжіліс депутаты Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан басылымы.

«Төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін созылады. Ал шағын және орта бизнеске осы орайда бірқатар жеңілдік қарастырылады», – деді Божко.

Еске сала кетсек, жаңа коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін ТЖ режимі енгізілген болатын. Індетпен күрес мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Тоқаевтың №285 жарлығына сәйкес, мемлекеттік комиссия құрылған. Оның құрамына Президент әкімшілігі, Сенат, Мәжіліс және Үкімет мүшелері кіреді. Штабқа жетекшілік ету міндеті Премьер-министр Асқар Маминге жүктелген.

Дереккөз: inbusiness.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу