KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда жаңа министрлік құруды ұсынды

22.02.2020, 05:18 145

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Ішкі істер министрлігінің реформасын талқылау барысында осыдан бірнеше жыл бұрын жойылған Төтенше жағдайлар бойынша министолікті қайта құруды ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, ол ІІМ реформасы аясында дербес министрлік құруды қарастыру жөнінді ұсыныс жасап отыр. Айтуынша, Қазақстан үлкен аумақты алып жатыр, күнде табиғи сипаттағы катаклизмдер болып тұрады. Бұл ұсыныс сенаттың ұсынымдарына енгізілген екен. Бірақ соңғы шешімді үкімет қабылдайды.

Сенатор осы қыста жауға қалың қарды есепке алып, Қазақстандағы су тасқыны жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу