Шемонаиха мешіті 20 оқушыға мектеп құралдарын алып берді
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын жүйелі ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға барынша қолдау көрсетуді аудан, қала мешіттеріне тапсырған болатын.
Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешіті» 20 оқушыға білім алуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етті. Қайырымдылық акциясына Шемонаиха қаласында тұратын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар қамтылды.
«Халқымызда қайырымдылық-қайырлы іс деген тағылымды сөз бар. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдап, осы шараны әдейі өткізіп отырмыз. Асыл дініміз білім үйренушілерге қолдау жасап, көмектесуді аса сауапты іс деп көрсеткен. Әсіресе қазіргі карантин жағдайында табысы азайған отбасыларды қолдау бәрінен маңызды» деп «Шемонаиха аудандық мешітінің» бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы балаларға оқу-құралын табыс етті.
Ата-аналар да осынау ізгі көмекке ризашылығын білдірді.