KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Вагон ішінен ер адамның мәйіті табылды – Өскемен

12.10.2020, 09:54 151

Өскемен қаласында темір вагон ішінде өрт шығып, 1 адам көз жұмды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында «Титан» саяжай қауымдастығы аумағында өрт болған.

Вагон ішінде жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1980 жылғы ер адамның күйген денесін тапты.

«Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Бұл контейнер электрлендірілген болып шықты. Қызыл жалынның шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден немесе электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Осы ретте ТЖД тұрғындарға электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив