Чемпиондар лигасы: Қалқанқұлақ кубок – «Баварияда»
Чемпиондар лигасында «Бавария» алтыншы рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
UEFA Чемпиондар лигасы – 2020/2021 жылғы кезеңінің өзіндік қызығы мен қиындығы болғаны анық. Қызығы – үздіктер лигасы жылдағыдай жаңа есімдердің танылуына себепші болды. Тіпті жарқырап көрінген жас жұлдыздарды тізіп шығу мүмкін емес. Ал қиындығы сол – әлемді әбігерге салған пандемияға байланысты бұл маусым өте қысқа болды. Яғни плей-офф кезеңінде командалар бір кездесу өткізіп қана, жеңімпазды анықтауға мәжбүр болды.
Сөйтіп Лиссабон қаласында өткен финалда Германияның «Бавариясы» мен Францияның «Пари Сен-Жермен» командасы кездесті. Тартысты өткен матч тағдыры мюнхендіктердің пайдасына шешілді. Ойынның 59-минутында Кингсли Коман жеңісті голды соқты.
Осыған дейін «Бавария» финалға он мәрте шығып, оның бесеуінде чемпион атанған еді. Өз тарихында алтыншы мәрте жеңімпазы атанды. Немістер бұған дейін 1974, 1975, 1976, 2001, 2013 жылдары «қалқанқұлақ» кубокке ие болған.