Қазақстанда демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді?
Демалыс күндері Қазақстанда карантин шектеулері тағы да күшейтіледі.
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес, 17 тамыздан бастап елімізде карантин шараларының әлсіреуі тек жұмыс күндеріне қатысты.
Демалыс күндеріне арналған ереже:
қоғамдық көлік қозғалысын шектеу;
65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;
сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда тоқтата тұру;
азық-түлік емес және жабық жердегі азық-түлік базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
сұлулық салондарының, шаштараздардың, спа-орталықтардың, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілердің жұмысын тоқтата тұру;
фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысын тоқтата тұру;
ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру.